Дистрибуция
Сандық дистрибуция
Тиімді тарату, сауда белгісінің дүкендерде қолжетімділігі, негізгі параметрлерді орындау: сауда нүктелерінде болу деңгейі, сату көлемі, баға, ассортимент.
Қамту
Өңірлер бойынша белсенді клиенттік база
Негізгі қағидат — команданың үйлесімді жұмысы, сауда нүктелеріндегі жақсы қарым-қатынас, нарықты (бағаларды, сатып алушылардың мінез-құлқын, талғамдары мен трендтерді) тұрақты бақылау.
| Облыс | Тұрғындар, адам (2021) | Қала | Қала тұрғындары, адам (2021) | Облыс бойынша БКБ |
|---|---|---|---|---|
| Маңғыстау | 719 559 | Ақтау | 209 776 | 1 350 |
| Батыс Қазақстан | 314 657 | Орал | 230 354 | 1 300 |
| Атырау | 659 074 | Атырау | 355 117 | 1 400 |
| Ақтөбе | 904 500 | Ақтөбе | 524 172 | 1 500 |
БКБ — белсенді клиенттік база (сауда нүктелерінің саны).
Команда
Сандық және сапалық дистрибуция
150-ден астам қызметкеріміз Агент+ мобильді сауда бағдарламасын пайдалана отырып, шамамен 5150 сауда нүктесіне қызмет көрсетеді. Меншікті автопарк жеткізуді барынша жедел әрі толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сауда нүктелерімен ынтымақтастығымыз қолма-қол есеп айырысу арқылы да, консигнация шартымен де жүзеге асырылады.
Сандық дистрибуциядан бөлек, біз сапалық дистрибуцияны да қамтамасыз етеміз — өнімнің сөреде болуы, әр өндіруші үшін сөре кеңістігінің үлесін кеңейту, қабылданған мерчендайзинг стандарттарын сақтау, тұрақты store-check өткізу және т.б.