Дистрибуция

Сандық дистрибуция

Тиімді тарату, сауда белгісінің дүкендерде қолжетімділігі, негізгі параметрлерді орындау: сауда нүктелерінде болу деңгейі, сату көлемі, баға, ассортимент.

Қамту

Өңірлер бойынша белсенді клиенттік база

Негізгі қағидат — команданың үйлесімді жұмысы, сауда нүктелеріндегі жақсы қарым-қатынас, нарықты (бағаларды, сатып алушылардың мінез-құлқын, талғамдары мен трендтерді) тұрақты бақылау.

Облыс Тұрғындар, адам (2021) Қала Қала тұрғындары, адам (2021) Облыс бойынша БКБ
Маңғыстау 719 559 Ақтау 209 776 1 350
Батыс Қазақстан 314 657 Орал 230 354 1 300
Атырау 659 074 Атырау 355 117 1 400
Ақтөбе 904 500 Ақтөбе 524 172 1 500

БКБ — белсенді клиенттік база (сауда нүктелерінің саны).

Команда

Сандық және сапалық дистрибуция

150-ден астам қызметкеріміз Агент+ мобильді сауда бағдарламасын пайдалана отырып, шамамен 5150 сауда нүктесіне қызмет көрсетеді. Меншікті автопарк жеткізуді барынша жедел әрі толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сауда нүктелерімен ынтымақтастығымыз қолма-қол есеп айырысу арқылы да, консигнация шартымен де жүзеге асырылады.

Сандық дистрибуциядан бөлек, біз сапалық дистрибуцияны да қамтамасыз етеміз — өнімнің сөреде болуы, әр өндіруші үшін сөре кеңістігінің үлесін кеңейту, қабылданған мерчендайзинг стандарттарын сақтау, тұрақты store-check өткізу және т.б.